Аймақтар • 21 Мамыр, 2018

Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

«Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен жұмыстан кету туралы түсірген өтінішіне байланысты қызметінен кетті. Оның уақытша міндетін атқару әкімнің орынбасары Амангелді Мұхамбединге жүктелді».

Батырлан Дүйсенбайұлы 1969 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Біліктілігі бойынша тау-кен инженер-байытушы, экономист және заңгер. Еңбек жолын 1989 жылы «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің диірмен машинисінен бастаған.

1992 жыл мен 2012 жылдар аралығында әр түрлі мамандықта салық органдарында соның ішінде Жезқазған және Сәтбаев қалаларының салық басқармасында басшы қызметін атқарды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2012 жылдың ақпан айы мен 2013 жылдың наурыз айы аралығында Сәтбаев қаласының әкімі болды. 2013 жылдың наурыз айынан тағайындаған мерзімге дейін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарды.